ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТЫП-ҮЙРЕТТІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТЫП-ҮЙРЕТТІ

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 1800 астам (1845) нысанды (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл адамдар көп жиналатын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар.
«Террористік тұрғыдан осал объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді. Өткен және ағымдағы жылы полиция осындай объектілердің мыңнан астам (1326) иелерін, басшылары мен қызметкерлерін қамтитын 233 онлайн семинарлар мен тренингтер өткізді» - деп өз сөзін ЭҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Руслан Найзабасов түйіндеді.
Бұл семинарларда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама түсіндірілді, онда террористік акт жасау қаупі бар шараларға оқыту жүргізілді. ТТО объектісінің басшылары мен қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бағытында ішкі істер министрлігі террористік акт немесе өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау қаупі төнген кезде осындай объектілердің барлық басшыларына жіберілген нұсқаулықтарды әзірледі.
«Нұсқаулықтар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған. Қолданыстағы заңнамада ТТО объектілерінің иелерін, басшыларын көрсетілген салада персоналды оқыту бойынша жеке ұйымдармен міндетті шарттар жасасуға міндеттемейтінін атап өту қажет. Мұндай объектілердің қызметкерлерінде терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша оқыту курстарынан өткені туралы бөгде ұйымдардың сертификатының болуы талап етілмейді» - деді полковник Найзабасов.



Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі