АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕРМИНАЛДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ФИРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АҚША ҰРЛАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕРМИНАЛДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ФИРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АҚША ҰРЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Панфилов аудандық полиция бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына қызмет көрсететін компания өкілінен материалдық жауапты тұлға бола отырып, жалпы сомасы 1 774 485 теңге ақша қаражатын ұрлаған қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Ақжазық ауылының 25 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктінің 2019 жылдан бастап ЖШС-де аймақтық техникалық маман болып жұмыс істейтінін анықтады. Оның міндеттерінің біріне "Касса 24" өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына техникалық қызмет көрсету және инкассациялау кірген. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында күдікті 1 774 485 теңге көлемінде ақша ұрлаған. Жетіспейтін қаражат тексеру барысында анықталған.
Қорғауға ие болған куәгер ретінде жауап алынған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің айтуынша, материалдық қиындықтарға тап болғаннан кейін, ұрланған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.