ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҒИМАРАТТЫ ТЕКСЕРІП, ЕКІ ТАПАНША ТАПТЫ

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҒИМАРАТТЫ ТЕКСЕРІП, ЕКІ ТАПАНША ТАПТЫ

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Ескелді аудандық ПБ кезекші бөлімінде Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі С.Қасымжановтың аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, аталған тапаншаларға арналған төрт оқпан және 9 мм калибрлі 28 оқ-дәрі табылып, тәркіленген. Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында арнайы құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының ПБ ғимаратынан ұрланғаны анықталды. Таблған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына жолданды.