
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында, шамамен 06 сағат 40 минутта Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 42 шақырымындағы жол апаты туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылына анасына қонаққа келген 45 жастағы Нұрсұлтан қаласының тұрғыны белгіленбеген жерде оңтүстіктен солтүстікке қарай жолдан өтіп бара жатқан жерінен Талғар қаласының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Мицубиси Карисма" автокөлігі басқаның анықтап, растады.
Соққыдан кейін көлік пен жаяу жүргінші қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарама-қарсы келе жатқан Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "ВАЗ-2114" автокөлігі жаяу жүргіншіні басып өтіп, оны қағып кеткен автокөлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік құралдарына айтарлықтай механикалық зақым келтірілді. Марқұмның анасының айтуынша, ол ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай барғаның білмеген, түнде өз жұмыстарымен үйінен шығып кеткен. .
Жол көлік оқиғасы ҚР қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Аталған жағдайда апаттың себебі, қараңғы уақтытта жақын келе жатқан көліктің алдында жолды кесіп өткен жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы болды. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, олар жәбірленушінің мас күйінде болғанын немесе болмағаның , жүргізушілердің апатты болдырмаудың мүмкіндіктерін анықтайды. Қалай болғанда да, қайғылы жағдай орын алды. Барлық азаматтарды жол жүру ережелерін сақтауға және жолды белгіленген жерлерден ғана өтуге шақырамын. Түнде шағылысатын элементтері бар киім киіңіз. Жүру бөлігін кесіп өтпес бұрын көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізіңіз. Өзіңізді және айналаңыздағыларды сақтаңыздар", - деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығы полиция полковнигі Жақсылық Алтынбаев.