АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БӨТЕЛКЕЛЕСІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР  БӨТЕЛКЕЛЕСІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Талғар аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханаға ер адамның кесілген дене жарақатымен келіп түскені туралы хабарлама келіп түсті.Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленушінің пышақ жарақатын танысымен мас күйіндегі төбелес кезінде алғаны белгілі болды.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарасай ауданының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ізін суытпай ұстады.Ер адам алкогольді ішімдікті бірге ішу кезінде жәбірленушіні екі рет жиналмалы пышақпен ұрғанын мойындады», - деп хабарлады Талғар аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Джамбулат Зиадин.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі , яғни қасақана ауыр дене жарақатын салу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Ұсталған азамат Талғар ауданының УҰО-ға қамаққа алынды.Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа қатысушылар Іле ауданы Өтеген батыр кентіне қонаққа барып, спирттік ішімдік ішкен.Басталған ауызша жанжал соңы қанды төбелеске ұлақан.


Алматы облысы ПД баспасөз қызметі