Алматы облысының орталығында Полиция қызметкерлері 19 жастағы жүргізушіден тапанша тәркіледі.

Алматы облысының орталығында Полиция қызметкерлері 19 жастағы жүргізушіден тапанша тәркіледі.

 

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Алматы облысы ПД Криминалдык полиция баскармасының жедел уәкілдері «ВМW» автокөлігінің жүргізушісі тапанша түріндегі атыс қаруымен облыс орталығында жүр деген жедел ақпарат алды.

16 сағат 40 минут шамасында арнайы операция барысында «ВМW» автомашинасын басқарған Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғынынан алдыңғы жолаушы орындығынан тапанша түріндегі атыс қаруы табылып, тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес тіркелді. Күдіктінің айтуы бойынша, ол тапаншаны қоқыс жанынан тауып алыпты. Іс бойынша қарудың жарамдылығын тексеру үшін баллистикалық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі