
Акция аясында полицейлер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар қабылдайтын болады.
Науқан ағымдағы жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін жалғасады.
«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні атап өтіледі. Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.Іс-шара барысында елді мекендерде полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады",-дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Болат Азнабакиев.
Полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша зорлық-зомбылықтың қысымына ұшыраған азаматтар жүгіне алатын "Жедел желі" телефондарын хабарлады (13-01), 8 (7282) 28-00-05).
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі