
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі тақырыбы өзекті болып қалуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы әрбір оныншы жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алады.
"Жолдардағы мінез-құлық мәдениеті өте төмен, жол қозғалысына қатысушылардың жауапсыздығы мәселелерін жұртшылық жиі талқылайды. ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖКО жағдайында кінәлі және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға міндетті жүргізуші болып табылады. Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғаларын тудырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейтін жаяу жүргіншілерге аз көңіл бөлінеді", - деді Талдықорған ҚПБ бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Марат Түсіпбеков.
Жаяу жүргінші-жол қозғалысының толық құқықты қатысушысы екенін есте сақтау қажет, бұл құқықтармен қатар оның жүріс бөлігіндегі жауапкершілігі туралы да айтады. Өкінішке орай, мұны бәрі бірдей біле бермейді.
"Полиция органдарының жолдардағы қауіпсіздік бойынша күш-жігері із-түзсіз өтпейтінін және белгілі бір нәтиже беретінін атап өтпеуге болмайды. Алайда, бұл жағдайда жүргізуші болсын, жаяу жүргінші болсын, әрқайсымыз тәртіп сақшылары айтқан ескертулерді назардан тыс қалдырмауымыз және адам үшін ең басты құндылық - бұл өмір екенін әрдайым есте ұстауымыз өте маңызды және бірнеше минутты үнемдеп, оған қауіп төндірудің қажеті жоқ", - деп атап өтті полковник Түсіпбеков.
Жаяу жүргінші-жол қозғалысының толық құқылы қатысушысы екенін есте сақтау қажет, бұл құқықтармен қатар оның жүріс бөлігіндегі жауапкершілігі туралы да айтылады. Өкінішке орай, мұны бәрі бірдей біле бермейді.
Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі