Алматы облысында Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Алматы облысында Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Анықтамалық ақпарат

 

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы қаулысының қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қаулының 3-тармағының 13-тармақшасына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған қызметкерге қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін төленеді.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап,Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, криминалдық полиция бөліністері, тергеу, анықтау, есірткі қылмысына қарсы іс қимыл, экстремизмге қарсы іс қимыл, оқу –жаттығу ротасы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және өзіндік қауіпсіздік бөліністері тұрғын үйді жалдау (жалға алғаны) үшін өтемақы алып келеді.

2019 жылдың 15 мамырында жоғарыдағы Қаулыға өзгерістер енгізіліп, қосымша жергілікті полиция қызметі  бөліністері, атап айтсақ, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция бөліністері қосылды.

Сондай-ақ 2021 жылдың 16 қаңтарында №11 Қаулыға төмендегідей өзгерістер енгізіліп, қосымша

  • Жедел жоспарлау басқармасы;
  • Кезекші бөлім;
  • Айдауылдау қызметі;
  • Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі;
  • Уақытша ұстау изоляторы;
  • Әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны;
  • Тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау – тарату орны;
  • Кинология қызметі бөліністері қосылды.

 

Ескерту:  төмендегі лауазымдық нұсқаулыққа қатысы жоқ:

Тылмен қаматамасыз ету;

Ұйымдастырушылық талдау және бақылау жұмысы;

Штаб қызметі,

Кадрлармен қаматамсыз ету,

Техникалық қамтамасыз ету.