«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша түсіндіру жұмыстары» (13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтары көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша түсіндіру жұмыстары» (13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтары көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады)

Ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап жүргізушілерге жүргізуші құжаттарының қағаз нұсқаларын алып жүрмеуге мүмкіндік беретін жаңа заң күшіне енеді.
Жаңа заңға сәйкес, жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде өзімен бірге бір ғана жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті болады. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, техпаспортты, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицейлер планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және трассаларда-тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Дегенмен, мұнда бір нюансты ескеру қажет. Шетелдік нөмірі бар немесе шетелде жүргізуші куәлігін алған машина жүргізушілерінің құжаттары өздерімен бірге болуы керек. Себебі, қазақстандық полицейлердің шетелдік деректер базасына қолжетімділігі жоқ.
«Жүргізушілердің жүргізуші құжаттарын өзімен бірге алып жүру және ұсыну міндетін алып тастау-бұл заманауи технологиялық «сервистік» полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер әлі де басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін есте ұстауы қажет. Сондықтан, мүмкіндікті пайдалана отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол қозғалысы ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырғым келеді. Себебі жол қателіктерді кешірмейді»,- деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. З. Тургумбаев түсіндірді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі