Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде

Алматы облысында «Құқықтық тәртіп»  жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша 5 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
«Алдын алу жұмыстарын жүргізуге 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де тартылды. Айта кету керек, бұл іс-шараның үшінші кезеңі, алғашқы екі кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында өткізілген болатын»,- дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов.
Барлық жерде күндізгі және түнгі уақытта жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді.
«Жедел алдын алу іс-шарасы міндеттерінің бірі-есепке алынған адамдарды тексеру, пәтерлерді заңсыз жалға беретін адамдарды анықтау, қару иелерін тексеру және т. б. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының назары өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады»,-деп толықтырды полковник Бағдат Әшімов.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі