Кеген ауданында «Конституция – заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында кездесу өтті

Кеген ауданында «Конституция – заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында кездесу өтті

Кеген ауданы әкімдігінде Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Конституция – Заң мен Тәртіптің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді және оларды қоғамда ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды зерделеу, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, азаматтардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына тартылуының алдын алу, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қарым-қатынас мәдениетін арттыру бағыттары талқыланды. Қатысушылар Конституция қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіпті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамда құқықтық мәдениетті дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылды.