ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМАЛЫ АВТОЖОЛЫНДА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОРТАША ЖЫЛДАМДЫҒЫН ӨЛШЕЙТІН ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛДІ

ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМАЛЫ АВТОЖОЛЫНДА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОРТАША ЖЫЛДАМДЫҒЫН ӨЛШЕЙТІН ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛДІ

Аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық — 120 км/сағ. Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеуде — жабдықтарды синхрондау және бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық баптау жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл кезең жүргізушілердің бақылаудың жаңа форматына бейімделуі үшін қажет.

Аталған жүйе жол қозғалысына қатысушыларды жазалау үшін емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында енгізілгенін атап өтеміз. Орташа жылдамдықты бақылау камералар арасындағы жылдамдықты күрт арттыру деректерін азайтуға және жолдағы тұрақты тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Негізгі мақсат — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және адам өмірін сақтау. Жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз.