
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және кәмелетке толмаған жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері «Сіздің жолаушыңыз — бала!» атты профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында полицейлер жүргізушілерге балаларды автокөлік құралдарында тасымалдау ережелерін қатаң сақтау, балаларға арналған ұстап тұру құрылғыларын және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттігін еске салды. Сонымен қатар, ересектердің жас жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Акция аясында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балаларды неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз тасымалдауға арналған қауіпсіздік белдіктеріне арналған арнайы қаптамалар таратылды.
Полиция ата-аналар мен жүргізушілерді жолдағы баланың қауіпсіздігі — ересектердің ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.