ПОЛИЦЕЙДІҢ БІР КҮНІ: КИБЕРҚАУІПСІЗДІК — КҮНДЕЛІКТІ ҚЫЗМЕТ

ПОЛИЦЕЙДІҢ БІР КҮНІ: КИБЕРҚАУІПСІЗДІК — КҮНДЕЛІКТІ ҚЫЗМЕТ

Керім Әлібек Арланұлы ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бүгінде ол киберполиция қатарында азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады.

Киберполиция жұмысы жедел әрекетті талап етеді. Көбіне банк карталарының бұғатталуына қатысты шағымдар түседі. Алаяқтар ұрланған қаражатты бірнеше бөтен шоттарға бөліп аудару арқылы ізін жасырады, ал бейхабар азаматтар «дропперге» айналып кетеді. Құқық қорғау органдарының міндеті — осындай схемаларды анықтап, қылмыстың жолын кесу.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жалған инвестициялық жобалар мен танымал компаниялардың атын жамылған алаяқтық әрекеттерге тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Киберполиция қызметкерлері тек қылмысты әшкерелеумен шектелмей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға да басымдық береді. Түсіндіру жұмыстары мектептерде, еңбек ұжымдарында және қоғамдық орындарда жүргізіледі.

Киберполицей болу — жоғары жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін қызмет. Мақсат — әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау.