
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Алматы облысы Полиция департаменті (бұдан әрі-ПД) ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 556 бұйрығына сәйкес ПД бастығының номенклатурасына жататын қызметкерлер, жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген жағдайда хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға келесідей қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Басқарма бастығының орынбасарына C-SVO-4 санаты;
- Аппарат бойынша бөлім бастығына С-SVО-5 санаты;
- ҚАПББ-нің бастығының орынбасарына C-SVR-3 санаты;
- КАПББ-нің бөлім бастығына C-SVR-4 санаты;
- КАПББ-нің бөлім бастығының орынбасарына C-SVR-5 санаты;
- ҚАПББ-нің бөлімше бастығына С-SVR-5 санаты;
- ППБ командиріне C-SSР-3 санаты;
- ППБ командирінің орынбасарына және ППР командиріне C-SSР-4 санаты;
- ППР командирінің орынбасарына және ППБ, ППР взвод командиріне-
C-SSР-5 санаты;
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан.
Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, каб. № 33, анықтама телефоны 8 (72772) 7-92-84, электрондық мекен-жайы d.dauletbakuly@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.