
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында полиция қызметкерлері Алматы облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандарымен бірлесіп кезекті профилактикалық рейдін тікұшақпен өткізді. Маршрут Қапшағай су қоймасы бойымен және Іле өзенінің жоғарғы ағысы бағытында жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – браконьерлік, балықты заңсыз аулау және өзге де экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтап, жолын кесу. Тікұшақтан бақылау жүргізу барысында мамандар заңсыз әрекеттер жиі тіркелетін әлсіз учаскелерді тексерді.
Мұндай рейдтер жүйелі түрде ұйымдастырылып отырады. Анықталған барлық құқықбұзушылықтар жедел түрде тіркеліп, жауапты тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Су қоймасы акваториясы мен Іле өзені аумағына бақылау құқық қорғау органдары мен уәкілетті қызметтердің тұрақты назарында. Ведомстволар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында бірлескен жұмысты жалғастырады.