ҚАЗАҚСТАНДЫҚ UFC ЖАУЫНГЕРІ АСУ АЛМАБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚЫРАҒЫ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ UFC ЖАУЫНГЕРІ АСУ АЛМАБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚЫРАҒЫ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Спортшының айтуынша, соңғы уақытта киберқылмыскерлер қаржы ұйымдары, интернет-дүкендер немесе мемлекеттік қызметтер атынан хабарласып, азаматтарды алдау фактілері жиілеп кеткен. Әдетте олардың айласына абайсызда жеке деректерін бейтаныс адамдарға беріп қойған қарапайым азаматтар түседі.

Асу Алмабаев бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың, әсіресе цифрлық кеңістікте, басты ұстанымына айналуы керектігін атап өтті.

– Жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіздер, күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріңіздер. Интернет-алаяқтық – бұл нақты қауіп, ал бізді қорғайтын ең басты құрал – өзіміздің сақтық шараларымыз, – деді ол.

Спортшы сондай-ақ киберқылмыстың алдын алу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп отырған Алматы облысы полициясының еңбегін қолдап, тұрғындарды күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Алмабаевтың айтуынша, азаматтар мен полицияның бірлескен күш-жігері арқылы қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастырып, жаңа қылмыстардың алдын алуға болады.