Талдықорған полицейлері көше ұрлығын ізін суытпай ашты

Талдықорған полицейлері көше ұрлығын  ізін суытпай ашты

Зейнеткер тонау құрбанына айналды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласының шағын аудандарының бірінде белгісіз біреу әйелге шабуыл жасап, оның жеке заттары бар сөмкесін күшпен тартып әкеткен. Жәбірленушінің ридикюлінде ұялы телефон, банк карточкалары және 17 мың теңге соммасындағы ақша қаражаты болған.
Жәбірленушіден сигнал түскеннен кейін үш минут өткен соң, тонау орын алған жерге Батыс қалалық полиция бөлімінің басшылығы тартылып, олар көрші аймақты аралап, күдіктіні дереу ұстады.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам екі апта бұрын Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға табыс табу мақсатында келгенін айтқан. Тоналған жәбірленуші ұсталған адамды бірден таныды. Заттай дәлелдемелер-ұялы телефон және барлық басқа заттар тәркіленді.
Күдіктінің іс-әрекеттерінің жүйелілігін полиция қызметкерлері тергеудің бастапқы кезеңінде міндетті түрде тексеретін болады. Сонымен қатар, ұсталған адамды жеке тексеру кезінде алынған заттай дәлелдемелер де зерделенеді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі