
Алматы облысының тәртіп сақшылары Алматы облысы Қоғамшыл ауылының жайылымынан белгісіз біреулер ұрлап кеткен 19 жылқы мен үш құлын ұрлығын ашты. Полиция қызметкерлері басқа облыстан малды дін аман тапты.
«Жалпы сомасы 8 млн теңгеге жуық 19 бас жылқы мен 3 құлынның ұрланғаны жайында алты күн бойы өз бетінше сәтсіз іздеуінен кейін Қоғамшыл ауылының 36 жастағы жергілікті тұрғыны жүгінді. Ер адам жылқылардың із-түссіз жоғалып кеткеніне көзі жетіп, оларды өз күшімен іздеп таба алмайтынын ұғынған. Бұл дерек аса ірі көлемдегі мал ұрлығы бойынша тіркелді»,-дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Асхат Тегенбаев.
Облыстың криминалдық полиция жедел уәкілдері Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, мал ұрысының ізіне түскенге дейін күшейтілген іздестіру шараларын жүргізді.
«Мақсатты жедел іс-шаралар барысында іссапарға шыққан тергеу-жедел тобы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында күдіктінің туысынан 11 бас жылқыны тәркіледі. Осылай, тізбектеле қалған жылқылар да анықталды. Барлық 22 бас жәбірленушімен танылып, заңды иесіне қайтарылды. Алматы облысы Жамбыл ауданының 27 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктіні құқық қорғау органдары таудғы жайылымнан ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алды.Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда», - деп толықтырды полиция полковнигі Асхат Тегенбаев.
Малдың иесі полицейлерге жақсы жұмыс жасағаны және ұрланған малды қайтарғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі