
Әйел бұған дейін екі рет алкоголь өнімдерін белгілі бір дүкенде сату ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған және қазір де дәл осындай құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазаға тартылмақ.
Қарасай ауданының полицейлері бір тәулік ішінде алкоголь өнімдерін сату бойынша заңнама талаптарын бұзудың екі дерегін анықтады.
Сағат 23.00-ден кейін Қарасай аудандық ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобы "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасыны барысында Қаскелең қаласында және Тұрар ауылында Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін сату бойынша заңнама талаптарын бұзудың екі дерегін анықтады. Сонымен қатар, Қаскелең қаласында дүкен жалдаған 42 жастағы жеке кәсіпкерге қатысты бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылықтары үшін екі рет ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігі және 3-бөлігі бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған. Атап айтқанда: спирттік ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға және мезгілсіз уақытта сатқаны үшін. 2019 жылдың 18 қаңтарында оған лицензияны 1 ай мерзімге тоқтата отырып, 67340 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Екінші рет, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде осы сот 111 120 теңге көлемінде айыппұл салып, сонымен қатар лицензияны 1 ай мерзімге тоқтатқан. Енді оған осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 4-бөлігі бойынша неғұрлым ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Қарасай ауданының Тұрар ауылындағы 67 жастағы жеке кәсіпкерге қатысты спирттік ішімдіктерді сату дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, арнайы хабарлама Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі