Талдықорғанда автокөлік ұрысы ұсталды

Талдықорғанда автокөлік ұрысы  ұсталды

Таңға жуық Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне шағын аудандар бірінің 48 жастағы тұрғыны түнгі уақытта оның "Мазда-626" маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Сағат 05.20 шамасында Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктіні патрульдік полицияның жасағы ұстағаны анықталды. Ұсталған адамның айтуынша, ол Талдықорғанға достарына келген. Алкогольді ішімдікті шамадан көп ішкеннен ол , көшеге шыққан. Ауладан көлікті көріп, оны өзінің пәтерінің кілтімен ашуға тырысқан және ол қолынан келген. Дәл сол кілт тұтану құлыпына да сай келген. Қозғалтқышты іске қосып, темір тұлпармен серуендемекші болған ол , көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған. Көлікті тастап, қашқан күдіктіні патрульдік полиция бірнеше минут ішінде ұстаған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Шытырман оқиғаны жақсы көретін күдікті енді, автокөлік ұрлағаны, мас күйінде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін заң алдында жауап береді. Күдікті бұрын да қарақшылық пен тонау үшін сотты болған. Тәртіп сақшылары ұсталған адамды бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алды. Көлік иесі полицейлерге күдіктіні тез ұстағаны үшін алғысын білдірді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі