ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Талғар ауданында демалыс күндері полиция қызметкерлері аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Бақылау топтары автожолдарда, ойын-сауық орындарында, адамдар көп жиналатын демалыс аймақтарында және ойын бизнесі нысандарында жұмыс істейді. Негізгі назар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, көлікті мас күйінде басқару фактілерін болдырмауға, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заң талаптарын сақтауына бағытталуда.

Бұдан бөлек, азаматтармен және нысан иелерімен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтау және түнгі уақытта құқықбұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.