ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Республикалық «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» акциясы аясында Қарасай ауданының білім бөлімі Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында оқушылар арасында «Жасөспірімдерге көлік жүргізуге 16 жастан бастап рұқсат берілуі керек пе?» тақырыбында дебат сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, жол қозғалысы ережелеріне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйрету.

Дебат барысында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көлік басқару жасын төмендетудің оң және теріс жақтарын талқылады. Қатысушылар жол қауіпсіздігін сақтау, жүргізушілік тәжірибе мен жауапкершілік мәселелерін көтеріп, қызу пікірталас жүргізді.

Шара соңында Полиция департаменті тарапынан белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін де нығайтады.

Қарасай аудандық Полиция басқармасының өкілдері осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.