
7 қараша 2025 жылы Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Қарасай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторлары, патрульдік полиция взводының қызметкерлері және мектеп әкімшілігі белсене қатысты. Полиция қызметкерлері оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіріп, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру бойынша әңгіме жүргізді.
Шара барысында оқушылар өздерінің үлкендерге деген сенімдері мен үміттерін білдіріп, жол ережелерін сақтауға шақырды. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» атты қоғамдық акция аясында балалар жүргізушілерге арналған әсерлі хаттар жазды. Бұл хаттарда кішкентай жүректердің мейірімі мен тазалығы, қауіпсіздікке деген шынайы қамқорлық сезілді.
Полиция қызметкерлері мұндай шаралар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырумен қатар, ересектерге де жолда өзара сыйластық пен сақтықтың маңыздылығын еске салатынын атап өтті.
Жолдағы қауіпсіздік – әркімнің ортақ жауапкершілігі!