РӨЛДЕГІ САУЫҚТЫҚ – ТӘУЕКЕЛСІЗ ӨМІР

РӨЛДЕГІ САУЫҚТЫҚ – ТӘУЕКЕЛСІЗ ӨМІР

Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының үшінші күні «Рөлдегі саулық – тәуекелсіз өмір» ұранымен өтті. Іс-шара аясында Алматы облысының полицейлері мас күйінде көлік басқарудың алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар өткізді.

Жас жол инспекторлары, еріктілер және қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, полицейлер «Сау жүргізуші – жауапты азамат» атты акция ұйымдастырды. Қатысушылар жүргізушілерге жадынамалар таратып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды және мас немесе есірткі әсеріндегі көлік жүргізу – ауыр құқықбұзушылық екенін, оның соңы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Сондай-ақ студенттер мен оқушылар арасында «Қауіпсіз таңдау» атты байқау өтіп, жастар көлікті сау күйде басқару қажеттігін насихаттайтын плакаттар мен ақпараттық парақшалар ұсынды.

Осы күні полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып УҰИ-на қамауға алынды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, көлікті мас күйінде басқаруға қарсы күрес тұрақты бақылауда. Өйткені мұндай жүргізушілер – қоғам үшін қауіпті, «Мас жүргізуші – қылмыскер, рөлдегі мас адам – қасақана өлім қаупі».