АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «Аманат» партиясы алаңында Алматы облысы Полиция департаменті бастығының қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Қабылдау «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын іске асыру шеңберінде, полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді диалогты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тұрғындар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық істі тергеу, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелерін көтерді. Барлық өтініштер мұқият қаралды. Нәтижесінде департамент басшылығы тиісті қызметтер мен жауапты лауазымды тұлғаларға көтерілген мәселелерді жедел және сапалы шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

– Әрбір азаматтың өтініші мұқият және объективті қарауды қажет етеді. Біз үшін маңыздысы – тек тыңдау емес, нақты нәтижеге қол жеткізу. Полицияның жұмысы ашық әрі айқын болуы тиіс, ал қоғамның сенімі – басты басымдық, – деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға және полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды әр бейсенбі сайын департамент ғимаратында жеке қабылдайды.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын іске асыру – полицияның қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді қатынастарды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.