ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ОҚЫТЫЛДЫ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ОҚЫТЫЛДЫ

Алматы облысының полиция және прокуратура қызметкерлері үшін жаңа оқу бағдарламалары аясындағы оқыту Қонаев қалалық полиция басқармасы базасында өтті.

Дәрістерді ІІМ Академиясының Кәсіби білім беру институтының жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы даярлық кафедрасының доценті Қалиев Асқар Әбужанұлы, сол кафедраның аға оқытушысы Сагинаев Қуантай Есенұлы және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Хан Виталий Вячеславович өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін, тергеу-жедел қызметін жетілдіру жолдарын, заманауи қатерлерге қарсы іс-қимыл және қызметтік жұмысқа инновациялық тәсілдерді енгізу бағыттарын талқылады. Ерекше назар цифрландыру, талдау және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ету мәселелеріне аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – заманауи білім беру стандарттарын енгізу, кәсіби дайындық деңгейін арттыру және қызметкерлердің қазіргі заман талаптарына сай құзыреттерін қалыптастыру болып табылады.

Оқыту конструктивті және тәжірибеге бағытталған форматта өтті. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын іске асыруға, кәсібилікті арттыру мен азаматтардың құқық қорғау жүйесіне сенімін нығайтуға ықпал етеді.