АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ!

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ!

2025 жылғы 10 қарашада Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасында ҚР Ішкі істер министрлігінің Ардагерлері күніне арналған «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» республикалық акциясы өтті.

Іс-шараға Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы, 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы, ардагерлер мен полиция қызметкерлері қатысты.

Жиын мемлекеттік Гимнмен ашылып, шара барысында ел тыныштығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан сақшылардың рухына тағзым етіліп, «Даңқ аллеясына» гүл шоқтары қойылды.

Алматы облысы ПД басшылығы сөз сөйлеп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге алғысын білдірді.

Қызметтік борышын абыроймен атқарған ардагерлер ІІМ мен ПД-нің Алғыс хаттарымен және мерекелік төсбелгілермен марапатталды. Сондай-ақ жас мамандарға алғашқы «полиция лейтенанты» атақтары табысталды.

Ішкі істер органдары қызметкерлері өз парызын адал атқарып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауда. Олардың ерлігі мен адалдығы – өскелең ұрпаққа үлгі!.

Салтанатты жиын патриоттық рухтағы концерттік бағдарламамен жалғасты.