АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заңдылықты нығайтуға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Алматы облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ заңсыз аң аулау мен балық аулаудың алдын алу.

– Іс-шара барысында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 146 фактісін анықтады, оның ішінде 9-ы қылмыстық, 137-сі әкімшілік құқық бұзушылықтар. Анықталған құқық бұзушылықтар қатарында су биоресурстарын заңсыз аулау, заңсыз аңшылық және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен алып жүру деректері бар, – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері.

Халық арасында профилактикалық және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алматы облысының полициясы азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Аңшылық пен балық аулаудың белгіленген ережелерін бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.