ЕНБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА «ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРДЫ ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРГЕ ШАҚЫРҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ЕНБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА «ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРДЫ ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРГЕ ШАҚЫРҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатының аясында және «Чемпиондық рух» жобасы шеңберінде жастарды салауатты әрі есірткісіз өмір салтына шақыру мақсатында кең ауқымды іс-шара өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында спортқа қызығушылықты арттыру, олардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ есірткіге қарсы иммунитетті нығайту болды.

Іс-шараға Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ақылбек Жаңабайұлы Төлеуов қатысып, жастарды өз өмірінде дұрыс таңдау жасауға, спорт пен еңбекті өмірлік қағида етуге шақырды.

Жобаның қатысушылары қатарында қоғам мен спорт саласының танымал өкілдері болды:
• Айсара Керімбекова – самбо және дзюдо күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері;
• Алексей Слесаренко – бодибилдинг бойынша Азия және Қазақстан чемпионы, блогер;
• Любовь Темникова – джиу-джитсу және грэпплинг күрестерінен әлем чемпионы;
• Дуглас Пума – кәсіпқой спортшы, халықаралық деңгейдегі күресші;
• Нұрсұлтан Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Чемпиондық рух» жобасының амбассадоры.

Шара барысында сөз сөйлегендер жастарды белсенді өмірлік ұстанымға, өз елінің болашағы үшін жауапкершілікпен қарауға және қоғамның дамуына үлес қосуға үндеді.

Алматы облысының полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында осындай жобалар арқылы жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруды, оларды спорт пен рухани дамуға бағыттауды жалғастырады.