ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ҚАРАСОРА-2025» ЖПІШ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ҚАРАСОРА-2025» ЖПІШ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

1 маусымнан 31 қазанға дейін Алматы облысында «Карасора–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу.

Іс-шара барысында 92 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оның ішінде: 23 – сату фактісі, 16 – есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру, 12 – аса ірі көлемде сақтау және 1 – прекурсорлардың заңсыз айналымы фактісі.

9 тонна 460 кг есірткі құралдары тәркіленді, оның ішінде: 30 кг синтетикалық заттар, 297 кг марихуана, 43 кг гашиш, 7 г героин және 9 тоннадан астам қарасора.

Жамбыл облысының полициясымен бірлесіп «бақыланатын жеткізу» әдісі арқылы «Алматы – Бішкек» трассасында 58 кг марихуана тәркіленді.

«Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі жарнамасын таратқан 715 интернет-ресурс бұғатталды. «Антифрод-орталығына» 11,5 млн теңгеден астам сомадағы 664 банктік реквизит жолданды, 8249 шетелдік шот және 357 криптоәмиян анықталды.

Сонымен бірге 246 профилактикалық іс-шара жүргізілді, оның ішінде наркоп planтацияларды анықтау мақсатында тікұшақпен әуе бақылаулары ұйымдастырылды.

Алматы облысының полициясы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.