
Алматы облысының полицейлері ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын күшейтуге шақырады.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі байқалады. Бұл жағдай жолдарда көктайғақ пен тұманның түзілуіне әкелуі мүмкін. Мұндай кезде көріну қашықтығы төмендеп, көлік құралдарының тежеу жолы ұзартылады.
– Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қозғалыс жылдамдығын ауа райына сай таңдауды, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауды, күрт маневр мен тежелуден аулақ болуды ескертеді. Сондай-ақ ауа райы тұрақтанғанша алыс сапарларға шықпау ұсынылады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жолда жүрушілер, әсіресе жаяу жүргіншілер, жолды тек белгіленген жерлерден және қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өтуі тиіс.
Алматы облысының полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды өзара жауапкершілік пен мұқият болуға шақырады. Қарапайым ережелерді сақтау – әркімнің өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі!