
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Кездесу ашық форматта өтіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясына берік ұстанымның айқын дәлелі болды.
Қабылдау барысында облыс тұрғындары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметінің жергілікті деңгейде ұйымдастырылуы мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Мейрам Әбікеев азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту тек ашықтық, шынайы диалог және әділ әрекет ету арқылы мүмкін екенін атап өтті.
– Халықтан келіп түскен әрбір сигнал біз үшін маңызды. Біздің жұмысымыздың негізінде әділдік пен кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаты жатыр, – деп атап өтті облыстық полицияның бастығы.
Басшының айтуынша, мұндай қабылдаулар полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Азаматтарды қабылдау кездесулері тұрақты түрде өткізіліп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыруға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.