ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ІС ЖҮЗІНДЕ: ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 42 МЫҢНАН АСТАМ ҮЙДІ АРАЛАП ШЫҚТЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ІС ЖҮЗІНДЕ: ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 42 МЫҢНАН АСТАМ ҮЙДІ АРАЛАП ШЫҚТЫ

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Талғар ауданында құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық санасын арттыруға бағытталған «Учaске» жедел-профилактикалық іс-шарасы белсенді түрде жүргізіліп келеді.

– Полиция қызметкерлері 42 252 үйді аралап шықты, оның ішінде 4 290 көпқабатты және 37 962 жеке тұрғын үй бар. Азаматтармен кездесулер барысында тәртіп сақшылары заң нормаларын, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, алаяқтықтың алдын алу шараларын түсіндіріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Тұрғындарға 1 650 ақпараттық брошюра таратылды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Ерекше назар «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға және кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын ұстануға бағытталған. Жұмыс тек қылмыстың алдын алу бағытында ғана емес, сонымен қатар көшелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда тәртіп орнату мақсатында да жүргізілуде.

– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Рахметуллаев профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру үшін өзі жергілікті жерлерге шығып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, түсіндіру әңгімелеріне қатысады. Осындай тікелей байланыс форматы азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді, – деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарды заңды сақтауға, қоғамдық тәртіп бұзушылыққа бейжай қарамауға және қажет болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.