
Алматы облысының Талғар а КСРО спорт шебері Есенжол Мұхамбетұлы Алімановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен V Республикалық ашық турнир өтті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген үздік жас балуандар, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген спортшылар қатысты. Турнир Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында өтіп, нағыз күш пен жігердің, спорттық рухтың мерекесіне айналды.
Іс-шара аясында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Талғар ауданы полиция басқармасының қызметкерлері, оның ішінде бастықтың орынбасары мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қатысушылар мен қонақтар арасында алдын алу акциясын өткізді.
Полицейлер ақпараттық парақшалар таратып, есірткі заттарын пайдаланудың зияны туралы айтып, жастарды спорт пен денсаулықты таңдауға шақырды. Жалпы профилактикалық іс-шарамен шамамен 600 адам қамтылды.
– Мұндай іс-шаралар спорт тұрғысынан ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеу жағынан да маңызды. Біз жастарға күш – тәуелділікте емес, ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылыста екенін жеткізгіміз келеді, – деді тәртіп сақшылары.
Турнир тартысты белдесулермен және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Ең бастысы — бұл жарыс барлық қатысушыларға спорт пен салауатты өмір салтының зиянды әдеттерге ең жақсы балама әрі табысты болашақтың кепілі екенін еске салды.