
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Есірткі қылмыстарына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс аумағында 167 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты алынды, оның ішінде синтетикалық түрлері де бар.
Интернет кеңістігінде белсенді жұмыстар жүргізілуде: «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі сатуды насихаттайтын 1780 сайт бұғатталды, ал «Антифрод-орталығы» арқылы 1333 банк картасы мен жүздеген шетелдік шот пен криптоәмиян анықталды.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» жолдауын іске асыру аясында облыс полициясы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылды күшейтті. 101 акция өткізіліп, 800 заңсыз жазу жойылды, 600-ден астам еріктілер жұмылдырылды.
Жастармен кездесулер, дәрістер мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мектептер мен колледждерде 330 дәріс өтіп, бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Құрметті тұрғындар, есірткіге қарсы күрес – тек полицияның емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Біз бірлесіп әрекет еткенде ғана салауатты, қауіпсіз және әділетті қоғам қалыптастыра аламыз.