
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің ережелерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен діни қызмет салаларындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараны облыс әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ұлжалғас Қалжанов жүргізді. Семинар жұмысына Алматы облысы Діни істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлімінің басшысы Мәди Дүнгенбек, сондай-ақ Алматы облысы Полиция департаменті Тәрбиелік және кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанар Көптілеуова қатысты.
– Кездесу барысында қатысушыларға Этикалық кодекске енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Ерекше назар мемлекеттік қызметте болуға қатысты шектеулерге, қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу шараларына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға аударылды. Талқыланған тақырыптардың қатарында қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге жол бермеу, көлікті масаң күйде басқару, есірткі қолдану және құмар ойындарға тәуелділік мәселелері болды, – деп атап өтті ведомствода.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.