АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ САПТЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ САПТЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес ведомство аумағында қызметтік автокөліктерге саптық тексеріс жүргізілді.

Іс-шара автопаркті жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ қызметтік көліктердің жедел және қызметтік міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Тексеру барысында көліктердің техникалық жағдайы, арнайы жабдықтардың бар-жоғы, сондай-ақ сыртқы көрінісі мен санитарлық жағдайы бағаланды.

Департамент басшылығы қызметтік көліктің полиция жұмысының маңызды құралы екенін және оның жарамдылығы қоғамдық тәртіпті қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Мұндай тексерістер тұрақты түрде өткізіліп, кемшіліктерді дер кезінде анықтап жоюға, өңір полиция бөлімшелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.