ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗДІ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗДІ

Қонаев қаласы полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарға құқыққа қайшы әрекеттердің жауапкершілігі мен мектепте және одан тыс жерлерде тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ интернетті қауіпсіз пайдалану, кибербуллингтің алдын алу және жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың жол берілмейтіндігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан бөлек, полицейлер мұғалімдермен және мектеп директорларымен бірлесіп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын талқылады. Педагогтарға проблемалық жағдайлар туындаған кезде дер кезінде ішкі істер органдарына хабарлау және оқушылармен қосымша әңгімелер жүргізу ұсынылды.

– Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Балаларға қауіпсіз даму ортасын құру үшін отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының күш біріктіруі аса маңызды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД қызметкерлері.

Осындай кездесулер Қонаев қаласында тұрақты түрде өткізіліп отырады.