АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев «Аманат» партиясының алаңында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру аясында азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесу барысында өңір тұрғындары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық істерді тергеу, сондай-ақ балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Өтініштерді қарастыра отырып, облыстық Полиция департаментінің басшысы көтерілген проблемаларды жедел әрі сапалы шешу мақсатында тиісті қызметтер мен жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

– Әрбір азаматтың өтініші мұқият қарауды талап етеді. Біз үшін тек тыңдау ғана емес, нақты нәтиже көрсету де маңызды. Полиция жұмысы ашық әрі айқын болуы тиіс, ал қоғамның сенімі – басты басымдық, – деп атап өтті Мейрам Әбікеев.

Осындай кездесулер полиция мен халық арасындағы диалогты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.