
16-18 қыркүйек аралығында Алматы облысының аумағында «Борышкер» профилактикалық акциясы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған азаматтарды анықтау.
Акция аясында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп мекенжайлық тексерістер жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда және халық арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алуда. Ерекше назар заң талаптарын жүйелі түрде орындамайтын және өз міндеттемелерін орындаудан жалтарған тұлғаларға аударылуда.
Полицейлер өңір тұрғындарына әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу және заң нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Бұл мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдану қаупін төмендетіп қана қоймай, құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары азаматтарды тәртіпті болуға, заңды құрметтеуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға жеке үлес қосуға шақырады.