АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУДЕ

15-30 қыркүйек аралығында Алматы облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – өңірдегі жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы саласында құқықтық тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында тәртіпті арттыру.

Акция аясында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді практикалық және профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Ерекше назар көлік құралын мас күйінде басқару, белгіленген жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да өрескел құқықбұзушылықтарды анықтауға аударылуда.

Рейдтік іс-шаралармен қатар халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салып, парақшалар таратып, заңға құрметпен қарауға шақыруда. Жолдағы қауіпсіздік мәселесіне назар аударту үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары белсенді түрде қолданылуда.

Өңірлік полиция басшылығы жолдардағы қауіпсіздік әрбір қатысушының саналығына және жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтеді. Мұндай іс-шаралар құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесуге ғана емес, сонымен қатар азаматтарда жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өзге қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады.