Алматы облысының Полиция департаменті: электронды форматта 4,5 мың қылмыстық іс тергелді

Алматы облысының Полиция департаменті: электронды форматта 4,5 мың қылмыстық іс тергелді

Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, тергеушілер мен анықтаушылардың іс жүргізуінде 25 мың 679 қылмыстық іс болған.
Сотқа қылмыстық істердің көбі сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу тәртібімен жіберілді.
Е-Қылмыстық іс форматында (электронды форматта) 4 мың 583 қылмыстық іс тергелді.
Жалпы, қылмыстық істерді электронды форматта тергеу үшін-тергеу, анықтау бөлімшелерінің, учаскелік инспекторлардың, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлеріне 300 жұмыс орны құрылды. Аталған қызметтердің қызметкерлері арнайы флешкарталармен 100% қамтамасыз етілген.
Келесі жылы сотқа дейінгі іс жүргізуді электронды форматта жүзеге асыру үшін тағы 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі