
Өңірдің криминалдық полициясының мәліметінше, мал ұрлығын тіркеу үштен бірге азайған.
«Мал ұрлығының алдын алу бойынша жоспар әзірленді. Оны іске асыру аясында 1 мың 149 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 61 - негізгі аудандық жолдарда, тағы 1 мың 088 мал сою және өткізу орындарында. Жыл соңына дейін тағы 250 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, келесі жылы облыстың 11 ауданында 886 камера орнатуға жобалық - сметалық құжаттама әзірленді»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.
Сонымен қатар, ведомствоның хабарына сәйкес, жедел және профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде жалпы бөтеннің мүлкін ұрлауды тіркеу 2,2 есеге азайған. Бұл ретте ұрлықтың 30% - ы үйлер мен пәтерлерде жасалған. Қылмыстың бұл түрінің ашылуы 7,6% - ға жақсарып отыр.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі