
Алматы облысы аумағындағы жедел жағдай тұрақты.
«Қылмыстардың жалпы саны - 36,5% - ға төмендеді. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру саны 23,6% - ға, зорлау - 48,1% - ға, қарақшылық шабуыл - 2,9 есеге, тонау - 2,2 есеге, бұзақылық 39,5% - ға азайды. Бұдан басқа, жыл басынан бері қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны - 35,5% - ға, көшелердегі - 36,6% - ға, өтелмеген соттылығы бар адамдармен жасалған -33,9% - ға, алкогольдік масаң күйдегі - 21,2% - ға, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы-4,8% - ға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар-48,4% - ға азайды. Сонымен қатар, қылмыстардың жалпы ашылуы 9,2% - ға жақсарды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 0,6% - ға, зорлау 2,8% - ға, қарақшылық шабуылдар 7,0% - ға, тонау 4,8% - ға, бөтеннің мүлікін ұрлау 7,6% - ға, мал ұрлау 2,1% - ға, айдап әкету 1,3% - ға, бұзақылық 11,2% - ға және т. б. Жыл басынан бері барлығы жеті мыңнан астам қылмыс ашылды, оның екі мыңнан астамы-өткен жылдардағы қылмыстар»,-деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.
Сонымен қатар, спикер жыл басынан бері 235 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылғанын, 17 - сі тонаумен, 11-і алаяқтықпен , 9-ы қарақшылық шабуылмен, 169-ы ұрлықпен айналысқанын, оның 31-і үй тонаумен, тағы 23-і мал ұрлығымен шұғылданғанын атап өтті.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі