
Алматы облысының полициясы интернет желісіндегі алаяқтардың көбейгені жайында ескертеді. Ескертулерге қарамастан, адамдар әлі де алаяқтардың құрбанына айналуда.
Соңғы уақытта алаяқтар өздерін танымал банктердің қызметкерлері ретінде таныстыратын әдіс белең алуда. Мұндай жағдайларда белгісіз тұлғалар қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттерінен азаматтарға қоңырау шалып, өздерін белгілі бір банктің қызметкері ретінде таныстырады. Бұдан әрі, үшінші тұлғалардың өздерінің шоттындағы ақша қаражатын алуға тырысып жатқандығын айтып, осыған байланысты барлық банктік шоттар мен карточкаларды сақтандыруды ұсынады. Алаяқтар дерекқорда растау және жаңарту операцияларын жүргізу үшін азаматтарға өз деректерін (ЖСН, банктік карталардың артқы жағындағы нөмірлері мен кодтарын) жазуды және ақшаны банктік шотқа аударуды сұрайды. Бұл ретте олар өздерінің жалған шоттарының нөмірлерін көрсетіп, ақшаны өз еншілеріне аударып алады.
Осыған байланысты полицейлер азаматтардан өздерінің жеке деректерін, банктік шоттары мен карталарының деректерін белгісіз тұлғаларға хабарламауды сұрайды, сондай-ақ карталар жоғалған кезде банк операторларына қоңырау шалып, карточкаларды бұғаттау қажет екенін ескертеді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі