
Алатау қаласында қозғалыс қатысушыларының тәртібін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық акциясы басталды.
Осы күндері полиция қызметкерлері қала көшелері мен магистральдарында кезекшілікті күшейтті. Бақылау ең қарбалас қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және көлік қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде жүргізілуде. Тәртіп қадағаланып, ереже бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер өтуде.
Негізгі назар жылдамдық режимінің сақталуына, балаларды дұрыс тасымалдауға, қауіпсіздік белдіктерін қолдануға, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарудың алдын алуға аударылды.
Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілермен және тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жолда мұқият әрі жауапты болудың маңыздылығын еске салуда.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қозғалысқа қатысушылардың өзара құрметі мен тәртібі ғана жол-көлік апаттарының санын азайтып, адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.