
Ағымдағы жылдың 12–14 қыркүйек аралығында Алматы облысының аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Полицейлердің нарядтары көшелерде, азаматтар көп жиналатын орындарда және автожолдарда қызметке тартылған. Құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау. Біз өңір тұрғындарын заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз. Қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деп атап өтті Алматы облысының полиция департаментінде.
Полиция еске салады: қауіпсіздік – баршамыздың ортақ құндылығымыз.