
Қонаев қаласында заманауи «Сергек» фото және бейнетіркеу камералары іске қосылды. Олардың көмегімен жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау жүргізіледі.
Камера орнатудағы басты мақсат – жүргізушілерге айыппұл салу емес, тәртіп бұзушылықтың санын азайту, жол апатының алдын алу және адам өмірін сақтау.
Полицияның айтуынша, жолдағы қауіпсіздік ең алдымен әрбір қатысушының саналы әрекетіне байланысты. Сол себепті жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдықты асырмауға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
«Сергек» – апаттылықтың алдын алуға бағытталған қосымша құрал, ол қала тұрғындарының жалпы қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға қызмет етеді.